aspan

АСТАНАДА АУЫР ХАЛДЕГІ АНАСЫН ТҰНШЫҚТЫРЫП ӨЛТІРДІ

Астанада ауыр қылмысқа қатысты сот үкімі шықты. Тергеу мәліметінше, 55 жастағы қала тұрғыны ауыр науқастан төсекке таңылған анасын тұншықтырып өлтірген.
Оқиға 2025 жылдың шілде айында Астана қаласында болған. Күдікті жедел жәрдем шақырып, анасының кенеттен жағдайы нашарлағанын айтқан. Дәрігерлер келген кезде қарт әйелдің қайтыс болғанын тіркеді. Марқұмның мойнынан гематомалар анықталып, сот-медициналық сараптама өлімнің тұншығу салдарынан болғанын көрсетті.
Марқұмның ұлы анасының ауруына байланысты өзін ұстай алмай, сүлгіге асылып қалмақ болғанын, ал өзі оны құтқарып үлгергенін айтқан. Алайда көршілері мен таныстары мүлде басқа деректер келтірді. Олардың айтуынша, ер адам еш жерде жұмыс істемеген, анасының зейнетақысымен күн көрген, ішімдікке әуес болған, жиі жанжал шығарып, ауладағы әйелдер мен балаларға күш көрсеткен.
Сондай-ақ төсек тартып жатқан анасын да ұдайы ұрып-соққаны белгілі болған.
Жиналған айғақтар мен сараптама қорытындылары негізінде сот ер адамды қасақана кісі өлтірді деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: «ҚОЛДАУ ТАППАДЫМ» ДЕГЕН АЗАМАТ ДЕПУТАТТАН КӨМЕК СҰРАП КЕЛДІ

БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 67 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛЫП, 6 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛМАҚ

Aspan info

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ОҚУ ЖАТТЫҒУЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

Пікір қалдырыңыз