aspan

Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға арналған субсидияларды жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті субсидияларды жымқыру схемасын ұйымдастырып, техника жеткізуші, лизинг беруші және мемлекеттік қолдау алушы ретінде әрекет еткен коммерциялық ұйымдарды өз бақылауына алған.

Атап айтқанда, «Агрохолдинг Туркестан» және «JMJ-Агро» ЖШС арқылы 81 жаңбырлатып суару машинасын сатып алуға субсидия алу үшін өтінімдер рәсімделген.
Лизинг беруші ретінде күдіктінің бақылауындағы «АгроПромЛизинг» микроқаржы ұйымы әрекет еткен. Бюджет қаражаты осы ұйымның арнайы шотына аударылған.

Алайда 37 жаңбырлатып суару машинасы іс жүзінде жеткізілмеген және орнатылмаған. Соған қарамастан, міндеттемелердің толық орындалғаны туралы жалған мәліметтер көрсетілген қабылдау-тапсыру актілері рәсімделген.

Кейін бюджет қаражаты күдіктінің бақылауындағы ұйымдардың шоттарына аударылған.

Нәтижесінде мемлекетке 1,1 млрд теңге көлемінде залал келтірілген.
Күдікті қамауға алынды.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне қатысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ СПОРТ ШЕБЕРЛІГІ МЕКТЕБІ БИЫЛ 10 АЙДА 361 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Aspan info

1,2 ТРЛН ТЕНГЕ НА ПОДДЕРЖКУ МАЛОГО БИЗНЕСА ВЫДЕЛЯТ В КАЗАХСТАНЕ

Aspan info

8 ЖЫЛДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ 3 ЕСЕГЕ ӨСІП, 5 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз