aspan

АЛАТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМСІЗ БАСҚАРЫЛМАҚ: ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА МОДЕЛЬ ЕНГІЗІЛЕДІ

Қазақстанда жаңадан салынып жатқан Алатау (Alatau City) қаласында басқарудың жаңа жүйесі енгізілмек. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

Жаңа модельге сәйкес, қаланы дәстүрлі әкім емес, Alatau City Authority деп аталатын арнайы мемлекеттік орган басқаратын болады. Ал қаланың даму стратегиясын Премьер-министр жетекшілік ететін кеңес айқындайды.

Күнделікті әкімшілік басқару жұмыстары Бас атқарушы директор (CEO) арқылы жүзеге асырылады.

❗️ Қанат Бозымбаевтың айтуынша, билік тармақтары келесідей бөлінеді:
Стратегиялық кеңес – қаланың негізгі даму бағыттарын бекітіп, маңызды әкімшілік шешімдерді қабылдайды;
Әкімдік пен Мәслихат – әлеуметтік, коммуналдық және қоғамдық мәселелермен айналысады.

Айта кетейік, бұл басқару үлгісі Қазақстан үшін жаңа тәжірибе болып саналады және Алатау қаласын заманауи әрі тиімді басқаруға бағытталған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Тимур Елеусизов мәслихат сессиясында боғауыз сөз айтты: Алматыда депутат қалай жазаланды.

ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ТЕАТРЫ САХНАСЫНДА «АНТИГОНА» ТРАГЕДИЯСЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ МЕН ПӘКІСТАН ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТАР ЖӘНЕ «ДОСТЫҚ» СПОРТ КЕШЕНІНІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз