aspan

АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ОРЛОВ ШАХТАСЫНДА ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА: БІР КЕНШІ ҚАЗА ТАПТЫ

Абай облысындағы Орлов шахтасында екі жұмысшы зиянды газдан уланып, соның салдарынан біреуі көз жұмды. Қайғылы жағдай 19 наурыз күні таңертең болған.

«KAZ Minerals» тобының баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен екінші жұмысшы қазіргі уақытта ауруханада дәрігерлердің бақылауында. Ал қаза тапқан кенші ауруханаға жеткізу барысында жан тапсырған.

Компания басшылығы марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Қазіргі таңда оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Жағдайдың күрделілігін ескере отырып, «KAZ Minerals» тобының басқарма төрағасы Андрей Третьяков тергеу барысын жеке бақылауға алу үшін Орлов шахтасына арнайы барған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ: ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ 46 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Aspan info

ҚАЗАҚСТАН ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ ОЛЖАС БЕКТЕНОВ МИНСКІГЕ РЕСМИ САПАРМЕН БАРДЫ

Aspan info

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫНДАҒЫ 30 ЖЫЛ

Пікір қалдырыңыз