aspan

АҚШ ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНА ИММИГРАЦИЯЛЫҚ ВИЗА БЕРУДІ ТОҚТАТТЫ

2026 жылдың 21 қаңтарынан бастап АҚШ билігі 75 елдің азаматтарына, соның ішінде Қазақстан азаматтарына да иммиграциялық виза беруді уақытша тоқтатады. Шектеу Қазақстанмен қатар Грузия, Иран, Ресей, Пәкістан, Өзбекстан, Қырғызстан, Армения, Әзербайжан, Молдова және Беларусь азаматтарына қатысты енгізіліп отыр деп хабарлайды Juzmedia.kz.

АҚШ билігінің мәліметінше, бұл шешім туристік, студенттік визаларға және футболдан әлем чемпионатына берілетін визаларға қатысы жоқ. Шектеу тек АҚШ-қа көшіп барып, тұрақты тұруға мүмкіндік беретін иммиграциялық визаларға ғана қатысты. Әдетте грин-карта алғысы келетін азаматтар алдымен иммиграциялық виза рәсімдеп, сол арқылы АҚШ-қа қоныс аударады.

Шектеудің қашан алынып тасталатыны әзірге белгісіз. АҚШ Мемлекеттік департаменті бұл қадамды «шетелден келетін азаматтардың әлеуметтік және мемлекеттік жеңілдіктерді пайдалануын шектеу» мақсатында қабылданғанын хабарлады.

Сонымен қатар бұл шешім өтініш берушілерге қойылатын бақылауды күшейту аясында жүзеге асырылып отырғаны да айтылған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫНА ТОЛЫҚ ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

Aspan info

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ҚАЗАҚСТАН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК МӘСЕЛЕСІНЕ ЗАҢНАМАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ АЙРЫҚША МӘН БЕРЕДІ»

Aspan info

Жұмыстан босатылған шенеуніктер мен судьяларға тағы бір мүмкіндік беріледі

Пікір қалдырыңыз