aspan Ақпарат Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының кезекті мәжіліс отырысы өткізілді.

Жиынға облыстық терроризмге қарсы комиссияның мүшелері мен құзырлы органдардың басшылары, тиісті департаменттердің басшылары және аудан, қала әкімдері қатысты.
Комиссияның белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес, терроризм мен экстремизм бағытындағы алдын алу шараларын ұйымдастыру барысындағы өзекті мәселелер туралы тиісті мемлекеттік органдар мен қала, аудан басшыларының есебі тыңдалып, оңтайлы шешімдер мен жүйелі іс-шараларды үйлестіру мәселесі көтерілді.
Мәжіліс соңында мемлекеттік органдармен жүргізіліп отырған жүйелі жұмыстар мен нәтижелері талқыланып, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берілді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ АЛТЫН ОРДАҒА ҚАТЫСТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Максим Сейтенов

Израильде жаппай наразылық орын алды

ИТАЛИЯДА АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ БЮСТІ АШЫЛДЫ

Пікір қалдырыңыз