aspan

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛАТ АҚШОЛАҚОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдай және алдағы кезеңге арналған басым міндеттер туралы баяндалды.
Президентке облыстағы ірі инвестициялық жобалардың іске асырылуы, мұнай-газ химиясы саласының дамуы, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысы жөнінде есеп берілді.
Кездесуде экономиканы әртараптандыру, инженерлік желілерді жаңғырту, көлік инфрақұрылымын жетілдіру, экологиялық ахуалды оңалту және республикалық деңгейде қолдауды қажет ететін жобаларды іске асыру мәселелеріне айрықша назар аударылды.
Мемлекет басшысы Атырау өңірінің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА МОБИЛЬДІ АҚША АУДАРЫМДАРЫНА ҚАТЫСТЫ ЕСЕП БЕРУ ҮШІН 30 КҮН БЕРІЛДІ

Aspan info

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ӘЙЕЛДЕР БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

БАЙҚОҢЫР ҒАРЫШ АЙЛАҒЫНАН «ПРОТОН-М» ЗЫМЫРАНЫ ҰШЫРЫЛДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз