aspan

БІР ТОП БҰЗАҚЫ ЕР АДАМДЫ АЯУСЫЗ ҰРЫП-СОҚҚАН

Оқиға 18 қаңтарда Атырау облысы «Зиллон» түнгі барында болған.
Желіде тараған видеодан жанжалдың мекеме ішінде басталғанын көруге болады. Онда екі ер адам бір адамға жабылып, соққыға жығады. Олардың бірі ер адамды асқан қатігездікпен ұрған. Біраз уақыттан кейін үшінші ер адам келіп, жанжалды тоқтатуға тырысқан. Алайда оның да бетіне соққы тиген.
Кейін төбелес далада жалғасып, соққыға жығылған ер адам тағы да ұрып-соққан.
Полиция 32 және 33 жастағы екі күдікті ұсталғанын хабарлады. Қазір бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ:ЭКОНОМИКАНЫ ӘРТАРАПТАНДЫРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚАДАМДАР МЕН КӨРСЕТКІШТЕР

АТЫРАУДА БҮТІН БІР ОТБАСЫНЫ ӨЛТІРДІ ДЕГЕН КҮДІКТІ СҰЛТАН СӘРСЕМӘЛИЕВ ҚАЙЫН АПАСЫН 32 РЕТ ПЫШАҚТАҒАНЫН МОЙЫНДАДЫ

Aspan info

ШЫМКЕНТТЕ СТАЛКИНГ ЖАСАҒАН ЕКІ КҮДІКТІ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз