aspan

ТӨРТ ЖАСӨСПІРІМ ПАРК АУМАҒЫНДАҒЫ КӨГАЛДЫ ӨРТЕП ЖІБЕРДІ

Астанада төрт жасөспірімнің әрекетінен Триатлон паркінің аумағындағы көгал өртенді. Оқиға 18 маусым күні болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт салдарынан шамамен 25 шаршы метр аумақты жалын шарпыған. Оқиға кезінде зардап шеккендер тіркелген жоқ.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жасөспірімдердің ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалып, келтірілген материалдық шығын көлемі есептелуде.

Мамандар жаз мезгілінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаудың маңыздылығын еске салып, ата-аналарды балаларға отпен ойнаудың қауіптілігі туралы түсіндіру жұмыстарын күшейтуге шақырады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫН МАЗАҚ ҚЫЛҒАН ШЕТЕЛДІК БЛОГЕРЛЕР 7 ЖЫЛҒА ДЕЙІН СОТТАЛУЫ МҮМКІН

Aspan info

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ЖҰЛДЫЗ СҮЛЕЙМЕНОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Aspan info

ЖАҢА МИНИСТР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз