aspan

БЕСТӨБЕ ШАХТАСЫНДА ЕКІ АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Ақмола облысындағы Бестөбе шахтасында тау жыныстарының құлауы салдарынан екі ер адам қаза тапты.

Соққы салдарынан зардап шеккендер оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Тәртіп сақшылары қазіргі уақытта қаза тапқандардың жеке басын және оқиғаның толық мән-жайын анықтау үстінде.

Аталған факті бойынша Степногорск қалалық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 269-1-бабының 3-бөлігі («Абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан, күзетілетін нысанға заңсыз кіру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қазіргі таңда іске қатысты барлық қажетті сараптамалар тағайындалған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ВОЛОНТЕРЛІК ҚОЗҒАЛЫСТЫ ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

Aspan info

ШЫМКЕНТТЕ ЕР АДАМ АВТОБУСТА ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗДЫҢ ДЕНЕСІНЕ ҚОЛ ЖҮГІРТКЕН

Aspan info

ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН ЕКІЖАҚТЫ СЕРІКТЕСТІК ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫН СӨЗ ЕТТІ

Пікір қалдырыңыз