aspan

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЕКІ ТҮЛЕК ҰБТ-ДАН 140 БАЛЛ ЖИНАП, ЕЛДІ ТАҢҒАЛДЫРДЫ

Түркістан қаласындағы мектептердің бірінде білім алған 11 «Д» сынып оқушылары Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары нәтиже көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөленді. Сыныптастар — Жаңбырбай Айсұлтан мен Нышанбаев Жасур ҰБТ-дан ең жоғары көрсеткіштердің бірі саналатын 140 балл жинаған.

Екі түлек те бейіндік пән ретінде Дүниежүзі тарихы мен ағылшын тілін таңдаған. Сонымен қатар олар халықаралық IELTS емтиханынан 6,5 балл алып, ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгергендерін дәлелдеді.

Нышанбаев Жасурдың нәтижесі бірнеше айлық еңбектің жемісі болған. Ол қаңтар айындағы ҰБТ-да 120 балл жинаса, наурыздағы тестілеуде көрсеткішін 128 балға дейін көтерген. Ал мамыр айындағы негізгі тестілеуде максималды нәтижеге қол жеткізіп, 140 балл иегері атанды.

Ал Жаңбырбай Айсұлтан қаңтардағы сынақта 125 балл, наурызда 128 балл жинап, тұрақты дайындықтың арқасында қорытынды тестілеуде толық 140 балл алған.

Ұстаздарының айтуынша, екі оқушы да мектеп қабырғасында білімге деген ынтасымен, ізденімпаздығымен және еңбекқорлығымен ерекшеленген. Олар сабақтан бөлек, қосымша дайындықтарға тұрақты қатысып, ағылшын тілін терең меңгеруге ерекше көңіл бөлген.

Айта кетейік, қос түлек болашақта Мақсұт Нәрікбаев атындағы университет қабырғасында білім алып, аударма ісі мамандығын меңгеруді жоспарлап отыр. Олардың арманы — халықаралық деңгейде кәсіби аудармашы атану.

Жоғары нәтиже көрсеткен түлектердің жетістігі әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан да қызу талқыланып, көпшілік жастарға үлгі боларлық еңбек деп бағалануда.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШУЧИНСКТЕ ЖАРЫЛЫС БОЛЫП, 6 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Aspan info

ШЫМКЕНТТЕ 449,4 МЛРД ТЕҢГЕГЕ 5 ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

В Алматы установили мемориальную доску, посвященную Еркинбаю Акимкулову

Пікір қалдырыңыз