aspan

ШЫМКЕНТТЕ ӨЗ БАЛАЛАРЫН ҮТІКПЕН КҮЙДІРІП, АЗАПТАҒАН ӘЙЕЛГЕ СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ

Шымкент қаласында өз балаларын аяусыз азаптап, денелерін үтікпен күйдірген әйелге қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Қалалық соттың шешімімен айыпталушы әйел 5 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болды.

Сот барысында анықталғандай, сотталушы кәмелетке толмаған ұлының темекі шеккенін білгеннен кейін оны аяусыз соққыға жығып, аузын қыздырылған шанышқымен күйдірген. Тергеу материалдарына сәйкес, арада екі күн өткен соң әйел балаларын «10 мың теңге ұрлады» деп айыптап, 8 жастағы ұлының бетіне және 11 жастағы қызының іш тұсына ыстық үтік басқан.

Іс материалдарында анасының мұнымен тоқтамағаны айтылды. Ол ағалы-қарындастың шашын тақырлап алып, оларды суық өзенге секіруге мәжбүрлеген. Сонымен қатар, балаларды қылқындыру әрекеттері де болғаны тергеу барысында белгілі болды. Құқық қорғау органдары балалардың денесінен көптеген жарақат іздерін, күйік белгілерін және психологиялық күйзеліс салдарын тіркеген.

Сот процесі кезінде прокурор айыпталушыға 4 жыл көлемінде жаза сұрағанымен, судья жасалған қылмыстың ауырлығын, балаларға жүйелі түрде көрсетілген зорлық-зомбылықты және олардың денсаулығына келтірілген зиянды ескере отырып, одан да қатаң үкім шығарды.

Қазіргі таңда жәбірленуші балаларға психологтар мен әлеуметтік қызмет мамандарының көмегі көрсетіліп жатқаны хабарланды. Оқиға қоғамда үлкен резонанс туғызып, балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін қайта көтерді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ МҰҒАЛІМ 7 ЖАСАР ҚЫЗҒА СЕКСУАЛДЫҚ СИПАТТА ТИІСТІ ДЕГЕН КҮДІККЕ ІЛІНДІ

Aspan info

Миландық маман шымкенттік өнімге қызығушылық танытты

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз