aspan

«HARMONY RIDER TECHNOLOGY» ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫН ҚҰРУ БОЙЫНША ҮКІМ ШЫҒАРЫЛДЫ

Ақтөбе қаласында «Harmony Rider Technology» (HRT) қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру фактілері бойынша үкім шығарылды. Тергеуді ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті жүргізді.2024 жылы бір топ тұлға өзін шетелде электросамокаттарды сатып алып, жалға берумен айналысатын халықаралық компания ретінде таныстырып, қаржы пирамидасының жұмысын ұйымдастырған.

Нақтысында салымшыларға төленетін табыс жаңа қатысушылардан тартылған қаражат есебінен қалыптасқан.Азаматтарды тарту үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жарнама жүргізіліп, офлайн кездесулер мен таныстырылымдар ұйымдастырылған. Заңдылық көрінісін қалыптастыру мақсатында Ақтөбе қаласында кеңсе жалға алынып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілген.Салым сомасы 350-ден 20 000 АҚШ долларына дейін болған, ал уәде етілген табыс тәулігіне 12-ден 690 АҚШ долларына дейін жеткен. Қаражатты заңдастыру үшін олар криптоәмияндар арқылы айналымға шығарып, кейін айырбастап, банк шоттарына аударып отырған.Заңсыз әрекеттер нәтижесінде қаржы пирамидасына 115 салымшыдан жалпы сомасы 197 млн теңгеден астам қаражат тартылған.Осы қаражатқа ұйымдастырушылар 3 автокөлік сатып алып, оның бірін туысының атына рәсімдеген.Сот үкімімен ұйымдастырушыларға 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.Сонымен қатар, сот шешімімен 3 автокөлік мемлекет кірісіне тәркіленді.Сот үкімі заңды күшіне енді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ЕЛДІМЕКЕНДЕРДІ КӨГАЛДАНДЫРУҒА ТҰРҒЫНДАР БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСТЫ

Aspan info

УРОВЕНЬ ОБЕСПЕЧЕННОСТИ ГОРОДА ПИТЬЕВОЙ ВОДОЙ ДОСТИГ 99,5 ПРОЦЕНТА

🔶SMART DARYN ұлттық цифрлық платформасы құрылуда

Пікір қалдырыңыз