aspan

DIGITAL QAZAQSTAN BATTLE ФИНАЛЫ: ҰЛТТЫҚ СТАРТАПТАР БӘЙГЕСІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Шымкент қаласында өткен Digital Qazaqstan 2026 форумының сахнасында еліміздің үздік технологиялық стартаптары өз жобаларын сарапшылар мен инвесторларға таныстырды. Бірнеше ай бойы Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген стартаптар ұлттық деңгейдегі финалға шығу үшін бақ сынап, 19 млн теңге жүлде қоры үшін жарысты. Digital Qazaqstan Battle финалында еліміз бойынша іріктелген 20 үздік жоба нақты нарықта сыналған технологиялық шешімдерін ұсынып, өз өнімдерін Қазақстанда және шетелде дамыту мүмкіндігін көрсетті.

Қатысушылар жасанды интеллект, «ақылды қала», бизнес үдерістерді автоматтандыру, білім беру технологиялары және цифрландырудың өзге де бағыттары бойынша жобаларын таныстырды. Финалистер қатарында JolScan, aitomaton, Lady Taxi, SanEduPortal, Kasibi Taxi, LoyaBonus, Okushy, CortexAI, Proji, zhihaz.kz, SmetaHub, gro.now, Reco, AR Sana, Qalam, Ai-mektep, Mathlab, Help Hand, KenDala және Numerus болды.
Финалдық кезеңде жобаларды мемлекет, инвестиция және технология саласының өкілдерінен құралған қазылар алқасы бағалады. Қазылар құрамында белгілі кәсіпкер әрі инвестор Мұрат Абдрахманов, Freedom Holding Corp. компаниясының технологиялар жөніндегі директоры Ренат Туканов, халықаралық әзірлеуші Нәрікби Мақсұт, Higgsfield AI VP of Talent Далида Еркулиева және IT-қоғамдастық өкілі Сұлтан Ильясов болды.
Возможно, это изображение ‎один или несколько человек, деньги и ‎текст "‎生料 DIGITAL QAZAQSTAN BAT III OPblH SMECTO 3 000 3000000K 000 KZT مر AR_SANA SANA‎"‎‎
Тартысты өткен финал қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Бас жүлде – 10 000 000 теңге gro.now (Алматы) жобасына бұйырды. Екінші орын мен 5 000 000 теңгені Cortex AI (Қызылорда) иеленді. Үшінші орын және 3 000 000 теңге AR Sana (Астана) жобасына берілді. Сонымен қатар көрермендер таңдауы бойынша Qalam AI (Шымкент) стартабы 1 000 000 теңге сыйақыға ие болды. Жеңімпаз жобалар:
• gro.now – маркетингтік зерттеу және нарықты талдау платформасы
• Cortex AI – бүйрек трансплантациясынан кейінгі асқыну қаупін болжайтын медициналық жүйе
• AR Sana – балалардың сөйлеу қабілетін дамытуға арналған health-tech платформа
• Qalam AI – қағазға жазылған мәтінді танитын және оны талдап, реттейтін «ақылды қалам»

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ: ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТ- ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Aspan info

ШЫМКЕНТТІ БІРГЕ ТАЗАРТАЙЫҚ»: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ

СҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗДЫҢ КӨТЕРМЕ БАҒАСЫ ӨСЕДІ: ТАПШЫЛЫҚТЫ ЖОЮҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНУДА

Пікір қалдырыңыз