aspan

ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН DIGITAL QAZAQSTAN 2026 СТАРТАПТАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АШТЫ

Шымкент қаласында өтіп жатқан Digital Qazaqstan 2026 халықаралық цифрлық форумына стартаптар өз жобаларын ала келген. Арнайы алаң ұйымдастырылып, онда 30-дан астам отандық жоба көпшілікке ұсынылды. Бұл алаң жас технологиялық компанияларға өз шешімдерін кең аудиторияға таныстыруға мүмкіндік береді. Қатысушылар қатарында инвесторлар, сарапшылар және бизнес өкілдері бар, бұл стартаптар үшін жаңа серіктестіктер орнатуға, инвестиция тартуға және халықаралық нарыққа шығуға жол ашады.

Возможно, это изображение автомобиль и текст "M I"
Стартап алаңында ұсынылған жобалардың елеулі бөлігі Astana Hub қатысушылары болып табылады. Олар білім беру технологиялары (EdTech), медицина (MedTech), киберқауіпсіздік, өнеркәсіптік технологиялар, цифрлық медиа және бизнес-процестерді автоматтандыру бағыттарында инновациялық шешімдер әзірлеуде.
Форумның маңызды тұстарының бірі — жасанды интеллектке негізделген технологияларға басымдық берілуі. Cybernet AI стартапы түркі тілдеріне арналған ірі ASR (сөйлеуді тану) моделін таныстыруды жоспарлап отыр. Бұл технология өңірлік тілдік ерекшеліктерді ескеріп әзірленген және компанияларға мемлекеттік тілде клиенттермен тиімді әрі сапалы байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Astana Hub-пен стратегиялық серіктестік аясында дамып жатқан бұл шешім қазіргі таңда әртүрлі елдердегі 80-нен астам компанияда қолданылып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша стартаптың табысы 5 миллион АҚШ долларынан асқан.
Возможно, это изображение один или несколько человек и текст "PEIDON as হत FRESDON AISPORT AI SPORT"
Cybernet AI платформасы банк, финтех және телеком секторларына арналған. Ол клиенттермен байланыс үдерістерін автоматтандырып, дауыстық AI-агенттерді жасауға мүмкіндік береді. Жүйе кіріс және шығыс қоңырауларды өңдеп, толыққанды диалог жүргізе алады және бір байланыс барысында сату, қолдау көрсету немесе берешекті өндіріп алу сияқты міндеттерді тиімді орындайды. Платформаның негізінде түркі тілдеріне бейімделген сөйлеуді тану технологиясы жатыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАР КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Aspan info

ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІС ПЕН СУ ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ

Пікір қалдырыңыз