aspan

АЛАТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМСІЗ БАСҚАРЫЛМАҚ: ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА МОДЕЛЬ ЕНГІЗІЛЕДІ

Қазақстанда жаңадан салынып жатқан Алатау (Alatau City) қаласында басқарудың жаңа жүйесі енгізілмек. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

Жаңа модельге сәйкес, қаланы дәстүрлі әкім емес, Alatau City Authority деп аталатын арнайы мемлекеттік орган басқаратын болады. Ал қаланың даму стратегиясын Премьер-министр жетекшілік ететін кеңес айқындайды.

Күнделікті әкімшілік басқару жұмыстары Бас атқарушы директор (CEO) арқылы жүзеге асырылады.

❗️ Қанат Бозымбаевтың айтуынша, билік тармақтары келесідей бөлінеді:
• Стратегиялық кеңес – қаланың негізгі даму бағыттарын бекітіп, маңызды әкімшілік шешімдерді қабылдайды;
• Әкімдік пен Мәслихат – әлеуметтік, коммуналдық және қоғамдық мәселелермен айналысады.

Айта кетейік, бұл басқару үлгісі Қазақстан үшін жаңа тәжірибе болып саналады және Алатау қаласын заманауи әрі тиімді басқаруға бағытталған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

6 ЗАҢ ҚАБЫЛДАНЫП, 10 ЗАҢ ЖҰМЫСҚА АЛЫНДЫ: ЕРЛАН ҚАРИН БУРАБАЙДА ӨТКЕН ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ НӘТИЖЕСІНЕ ТОҚТАЛДЫ

Aspan info

МИКРОРАЙОН «КЫЗЫЛЖАР-2» В ШЫМКЕНТЕ ПОЛНОСТЬЮ ПОДКЛЮЧЕН К ПОЛНОЦЕННОЙ ИНЖЕНЕРНОЙ ИНФРАСТРУКТУРЕ

ТРАНСПОРТНАЯ ИНФРАСТРУКТУРА: В ШЫМКЕНТЕ РЕАЛИЗУЮТСЯ 19 КРУПНЫХ ПРОЕКТОВ

Пікір қалдырыңыз