aspan

РАҚЫМШЫЛЫҚҚА ІЛІНГЕНДЕРДІҢ АЙЫППҰЛЫ ТОЛЫҚ НЕМЕСЕ ІШІНАРА КЕШІРІЛМЕК

Мұны Ішкі істер министрі Ержан Саденов айтты. Ол ведомствоның жоспарланған рақымшылыққа қатысатынын айтты.

Министрдің айтуынша, әкімшілік рақымшылық аясында жеке тұлғалардың төленбеген айыппұлын толық немесе ішінара кешіру мәселесі қарастырылады. Мұндай тұлғалардың санаты заң жобасын дайындау кезінде анықталады. Айыппұлдардың мөлшері мен оларды өшіру тәртібі де сол кезде қарастырылады.

Кімге және қандай айыппұлдар өшірілетіні кейін белгілі болады екен.

Айта кетейік, рақымшылық қауіпсіздікке қатер төндірмейтін кейбір қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарға қолданылады. Ал ауыр қылмыс жасаған адамдар кірмейді. Бұл тізімге террористік, экстремистік және сыбайлас жемқорлық сипаттағы қылмыстар, кәмелетке толмағандардың жыныстық қауіпсіздігіне қарсы әрекеттер, азаптау, қайта қылмыс жасағандар мен іздеуде жүрген тұлғалар кіреді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Биыл Шымкентте 26,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА АУҚЫМДЫ ЗАМАНАУИ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ САЛЫНУДА

ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ

Пікір қалдырыңыз