aspan

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ӘРЕКЕТІНЕ БАҚЫЛАУ ЖАСАЙТЫН ЖАҢА ҚЫЗМЕТ ҚҰРЫЛМАҚ

Мәжіліс заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Жаңа қызмет мемлекеттік қызметкерлердің әрекетіне қатысты шағымдарды қарайды. Қажет болған жағдайда мемлекеттік қызметкерді сотта қорғаумен де айналысады.

Мемлекеттік қызмет саласында енгізілетін өзге де өзгерістер:

🔶 есірткі қолдану фактісін анықтауға арналған медициналық тексерулерге қойылатын талаптар белгіленеді;

🔶 мемлекеттік қызметкерлердің құмар ойындарға қатысуына шектеу енгізіледі;

🔶 жалақыны кемінде үш жылда бір рет индекстеу қарастырылады;

🔶 артық жұмыс уақыты, демалыс және мереке күндері атқарылған жұмыс үшін өтемақы төлеуге кепілдік белгіленеді;

🔶 жұмыс уақыты аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс;

🔶 жүкті әйелдердің немесе үш жасқа дейінгі баласы бар ата-аналардың бірінің өтініші бойынша, ауру отбасы мүшесіне күтім жасайтын мемлекеттік қызметкерге толық емес жұмыс күні белгіленуі мүмкін;

🔶 басқа қалаға қызмет бабымен ауыстырылған мемлекеттік қызметкерлердің балалары балабақшаға кезектен тыс қабылданады;

🔶 мемлекеттік қызметке кіруге дайындық институты енгізіледі.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«ВЫВЕЗЛИ НА КЛАДБИЩЕ И УНИЗИЛИ»: СУД В АТЫРАУ ВЫНЕС ПРИГОВОР ПО ДЕЛУ БЛОГЕРА

Aspan info

ӘСКЕРИ ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖОЛДАНЫМДАРДЫ ҚАРАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

АППАРАТ ОТЫРЫСЫ: ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз