aspan

ШЫМКЕНТТЕ «ОРДАБАСЫ» – «ЕРТІС» ОЙЫНЫ ҚАРСАҢЫНДА АУҚЫМДЫ КОНЦЕРТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда футболдан Қазақстан чемпионатының алғашқы туры қарсаңында жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Іс-шараға мыңдаған жанкүйер жиналып, үлкен спорттық мерекенің куәсі болды. Концерт барысында қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Возможно, это изображение американский футбол, шляпа и текст
Сонымен қатар стадионда жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарын насихаттайтын баннерлер орналастырылып, заң үстемдігі, әділетті қоғам құру, азаматтардың тең құқығын қамтамасыз ету және мемлекет пен халықтың бірлігі туралы мазмұнды үндеулер көрсетілді.
Возможно, это изображение текст "Kerneu GROUP OOTEALS CLUB ORDABASTY Shnhant"
Мерекелік бағдарлама жанкүйерлерді алдағы «Ордабасы» – «Ертіс» матчының алдында ерекше атмосфераға бөлеп, стадиондағы спорттық рухты күшейте түсті. Чемпионаттың алғашқы турындағы тартысты кездесуді тамашалау үшін стадионға мыңдаған жанкүйер жиналды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПОЛИЦИЯ 100-ДЕН АСТАМ МАЛ ҰРЛЫҒЫН АШЫП, 800-ДЕН АСТАМ БАС МАЛДЫ ИЕЛЕРІНЕ ҚАЙТАРДЫ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ТИІМДІ БАСҚАРУ: ШЫМКЕНТТЕГІ АВТОБУСТАР ПАРКІ МЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫН АРТТЫРУ

ПЕРИЗАТ ҚАЙРАТ ІСІ: ТЕРГЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Пікір қалдырыңыз