aspan

ӨЗГЕ ЕЛДЕ СОҒЫСҚА ҚАТЫСҚАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ЖАЗАСЫН ЖЕҢІЛДЕТУ ҰСЫНЫЛДЫ

Мәжіліс отырысында депутат Жарқынбек Амантайұлы басқа елде соғысқа қатысқан қазақстандықтарға қатысты заңнаманы жұмсартуды ұсынды. Депутаттың айтуынша, бірқатар мемлекеттерде азаматтардың шетелдің ресми қарулы күштері құрамында әскери әрекеттерге қатысуы автоматты түрде қылмыс саналмайды. Ал Қазақстанда мұндай жағдайда елге оралған азаматтар Қылмыстық кодекстің 172-бабы (Шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысу) бойынша жауапкершілікке тартылады. Жарқынбек Амантайұлы террористік ұйымдардың құрамында болмаған және әскери қылмыс жасамаған қазақстандықтарға қатысты заңнаманы жұмсартуды ұсынды.

“Әрине, ешкім себепсіз, өлім іздеп, қарулы қақтығыс аймағына бармайды. Бірі әлеуметтік қиындықтарға байланысты, бірі адасып немесе алданғандықтан, енді бірі мәжбүрлі түрде барады. Мұндай жағдайға тап болған адамдар жоғары жалақысы бар жұмыс табамыз деген уәдеге сеніп қалғандарын айтады. Өздерінің тұзаққа түскенін түсінген кезде, кері шегіне алмайды. Амалсыздан бөтен жерде болып жатқан қанды шайқастарға қатысуға мәжбүр болады. Ал олардың артында жылап қалған ата-анасы, қиналып отырған отбасы мен жақындары қалады. Алайда жасаған ісіне өкініп, еліне оралғысы келетін азаматтар үшін қазіргі қатаң заң санкциялары үлкен кедергі болып отыр”, – деді депутат.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ: КӨП ҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖАЛҒАСУДА

Aspan info

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ ЕРЖАН СӘДЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Aspan info

ШЫМКЕНТТЕ ТЖ МИНИСТРЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА L-410 ҰШАҒЫ РЕСМИ ТҮРДЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

Пікір қалдырыңыз