aspan

ДҮКЕНДЕГІ ЖАРЫЛЫС САЛДАРЫНАН ҮШ АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ

Жетісу облысындағы дүкенде болған жарылыс салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметі.
«2026 жылғы 15 ақпанда шамамен сағат 18.45-те Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында орналасқан «Малика» азық-түлік дүкенінде газ-ауа қоспасының жанусыз жарылысы болды. Оқиға салдарынан сыртқы қабырға мен шатырдың бір бөлігі құлап, зақымдану аумағы шамамен 36 шаршы метрді құрады. Оқиға нәтижесінде 3 адам зардап шекті, тексеруден кейін олар орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы – орташа ауырлықта, тұрақты, есін біледі», — делінген хабарламада.
Оқиға орнына Жетісу облысы ТЖД күштері мен құралдары жедел түрде жеткені, 27 жеке құрам қызметкері және алты бірлік техника жұмылдырылғаны атап өтілді.
«Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда», — деп қосты ТЖД.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Aspan info

ӘУЕЖАЙДА ҚЫЗМЕТКЕРДІ КЕПІЛГЕ АЛҒАН ЕР АДАМ КІНӘСІН МОЙЫНДАДЫ

САЯСИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МОДЕЛЬ: СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз