aspan

АСТАНАДА АУЫР ХАЛДЕГІ АНАСЫН ТҰНШЫҚТЫРЫП ӨЛТІРДІ

Астанада ауыр қылмысқа қатысты сот үкімі шықты. Тергеу мәліметінше, 55 жастағы қала тұрғыны ауыр науқастан төсекке таңылған анасын тұншықтырып өлтірген.
Оқиға 2025 жылдың шілде айында Астана қаласында болған. Күдікті жедел жәрдем шақырып, анасының кенеттен жағдайы нашарлағанын айтқан. Дәрігерлер келген кезде қарт әйелдің қайтыс болғанын тіркеді. Марқұмның мойнынан гематомалар анықталып, сот-медициналық сараптама өлімнің тұншығу салдарынан болғанын көрсетті.
Марқұмның ұлы анасының ауруына байланысты өзін ұстай алмай, сүлгіге асылып қалмақ болғанын, ал өзі оны құтқарып үлгергенін айтқан. Алайда көршілері мен таныстары мүлде басқа деректер келтірді. Олардың айтуынша, ер адам еш жерде жұмыс істемеген, анасының зейнетақысымен күн көрген, ішімдікке әуес болған, жиі жанжал шығарып, ауладағы әйелдер мен балаларға күш көрсеткен.
Сондай-ақ төсек тартып жатқан анасын да ұдайы ұрып-соққаны белгілі болған.
Жиналған айғақтар мен сараптама қорытындылары негізінде сот ер адамды қасақана кісі өлтірді деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«50 ЖЫЛ САХНАДА»: ШЫМКЕНТТЕ РОЗА РЫМБАЕВАНЫҢ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Aspan info

МӘСЛИХАТТА 2026-2028 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

КІТАП ОҚИТЫН ҚАЛА: ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСУДА

Пікір қалдырыңыз