aspan

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫН БЕРУ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласында 21 қаңтардан тұрғын үй сертификаттарын беру басталды.
Тұрғын үй сертификаты – мемлекеттік бағдарламалар аясында үйді несиеге сатып алу кезінде ипотеканың бастапқы жарнасының бір бөлігін жабу үшін азаматтарға берілетін жергілікті атқарушы органның ақшалай міндеттемесі. Ол 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде қайтарымсыз беріледі.
Негізгі талаптың бірі – өтініш берушіде және онымен бірге тұратын отбасының әр мүшесінің соңғы 6 айдағы табысының мөлшері (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды қоспағанда) тиісті қаржы жылында заңмен белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспайтын жағдайда беріледі.
Мысалы, 2026 жылы: 50 851 теңге х 3,1 = 157 638 теңге.
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттары:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
4) І және ІІ топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
5) ерекше күтімді қажет ететін балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
6) асырауында кәмелетке толмаған балалары бар жесір әйелдер (тұл ер адамдар);
7) «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;
😎 жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
9) толық емес отбасылар;
10) Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының жұмыскерлері.
Қажет құжаттар тізімі:
1) нысан бойынша өтініш;
2) жұмыс орнынан анықтама (халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының санаттарын қоспағанда);
3) ипотеканың бастапқы жарнасының мөлшері мен сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, өтініш берушіге тұрғынжай сатып алуға ипотека қарызын беруді мақұлдау туралы Банктің хаты.
Өтініш пен құжаттар http://xn--ezekte-2pf.kz/ сайтында (amanat айдарында) қабылданады.
Әр азаматтың электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

В РАЙОНЕ КАЙНАРБУЛАК В ШЫМКЕНТЕ ПРОВОДИТСЯ СТРОИТЕЛЬСТВО ЭЛЕКТРИЧЕСКИХ СЕТЕЙ

«20 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ КРЕСЛО САТЫП АЛҒАН»

Aspan info

В ШЫМКЕНТЕ 20 СЕМЕЙ ПОЛУЧИЛИ НОВЫЕ КВАРТИРЫ В РАМКАХ МОДЕРНИЗАЦИИ «ЗЕЛЁНОЙ БАЛКИ»

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Пікір қалдырыңыз