aspan

БҮГІНГІ ҚҰРЫЛТАЙ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ КӨТЕРДІ

Сыр өңірінде өткен Ұлттық құрылтайдың бұл жолғы отырысында бірқатар маңызды мәселелер көтерілді. Құрылтай – мемлекеттік мәселелерді, елдік ұстанымды, ұлттық мүдде тұрғысындағы тақырыптарды ортаға салатын, ақылдасатын алаңға айналғалы қашан?! «Кеңесіп пішкен тон келте болмайды» дейтін қазақтың Ұлттық құрылтайдан күтері көп. Соның бірқатарын бүгін Мемлекет басшысы нақты атап көрсетті. Мемлекет басшысының құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретінде сақтап қалу туралы ойын толық құптаймын.
Президент өз сөзінде «Болашақ Парламентке Құрылтай деген атауды беру керек деп ойлаймын. Құрылтайдың тарихи аясы да, мағынасы да халқымызға да жақын. Құрылтай отырыстарын жаңғырту бастамасын мен өзім 2022 жылы көтергенмін. Осы баяндаманың басында құрылтай жұмысының тиімділігі мен пайдасына ден қойдым. Жалпы, еліміздің саяси жүйесінде Құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретінде сақтап қалуымыз керек деп ойлаймын», деді.
Бұл орайда Президент депутаттар санына қатысты мәселе қызу пікірталас туғызғанын да ашық айтты. Ұсыныстардың бірқатары еліміздегі халық санына қарай пропорционалды уәкілдің идесына сай келсе, енді бірқатары депутат санын 500-ге дейін арттыру қажет екенін ұсынған.
Мемлекет басшысы бұл мәселенің де аражігіт ашып берді. «Біздің мақсатымыз − шын мәнінде тиімді әрі кәсіби Парламент құру. Жаңа заң шығарушы орган елдегі ауқымды өзгерістерге заңнамалық тұрғыда барынша қолдау көрсетуге тиіс. Әлемдегі озық тәжірибелерге қарасақ, бұл үшін депутат санын көбейтудің еш қажеті жоқ. Сондықтан мәселе санда емес, сапада. Ең бастысы Парламентте нағыз отаншыл азаматтар, білікті мамандар отыруға тиіс»,- деді ол.
Ақылдасу алаңы – халықтың ішкі, сыртқы жағдайын байыптайтын, ой-пікірін, көзқарасын ортаға салатын жиын. Бұқараның билікке айтар мәселесін ашық айтатын диалог алаңы. Ұлттық Құрылтайдың бүгінгі отырысында осының бәрі де қамтылды.
Президент Ұлттық Құрылтайда Мемлекеттік кеңесші лауазымын жою жоспары бар екенін де мәлімдеді. Бұл шешім мемлекеттік басқару жүйесін ықшамдау және аппараттық құрылымдарды оңтайландыру үшін қабылданып отырғанын жасырмады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қайрат Сәтжанов: Құрлықтық додадан құр қол қайтпаймыз

ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ЖАҢАРУДА: БАҚЫЛАУ, ЖАУАПКЕРШІЛІК, ТЕХНОЛОГИЯ

Aspan info

СПОНСОР БОЛҒАН СИТИ-СТРОЙ ХАЛЫҚТЫ НЕГЕ ШУЛАТТЫ?!

Пікір қалдырыңыз