aspan

«ІШІМДІКСІЗ АУЫЛ» ЖОБАСЫ ЖИДЕЛІДЕ ӨЗ НӘТИЖЕСІН БЕРУДЕ

Шымкент қаласында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатындағы «Ішімдіксіз ауыл» жобасы өз тиімділігін көрсетуде.
Жуырда қалалық полиция департаменті мен жергілікті полиция басқармасының өкілдері Жиделі елдімекенінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары жергілікті белсенді тұрғындармен бірге дүкендерді аралап, спирттік ішімдік сатуды тоқтату арқылы елдімекендегі қоғамдық тәртіпті сақтау маңызын түсіндірді.
Бастаманы қолдаған дүкен иелері лицензиялары бола тұра ішімдік сатпауға келісім берді. Бұл шешім – қоғам қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтауға бағытталған маңызды қадам.
Қала әкімдігі мен полиция қызметі алдағы уақытта да ішімдіксіз аймақтарды көбейтіп, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарын жалғастыратын болады.
Бұл туралы бүгін, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлімдеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

НҰРЖАН ТҰРСЫНХАНОВ АГЕНТТІК ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Aspan info

eGov.kz жүргізуші куәлігін алудың қандай жаңа талаптарын енгізді

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

ТАРАЗДА ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗБАҒАН БІРНЕШЕ ЖҮРГІЗУШІ ЗАҢСЫЗ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕП КЕЛГЕН

Aspan info

Пікір қалдырыңыз