Ақпарат

Елордада көлік дөңгелегін жымқырғандар құрықталды

Елордада көлік дөңгелегін жымқырғандар құрықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.Сарыарқа ауданы ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 25 және 26 жастағы екі ер адамды анықтады. Тергеу барысында ер адамдар кешкі уақытта елорда көшелерімен серуендеп жүргені анықталды. Соқпақбаев көшесінен өтіп бара жатып, жолдың бойында жүксалғышы ашық тұрған Mazda автокөлігін байқаған. Екеуі қылмыстық оймен көлікке жақындап, жүксалғышынан құны 210 мың теңге тұратын жүк көлігінің дөңгелегін ұрлап кеткен. Ұрланған затты сатып жіберген. Қаскүнемдердің әрекеті бейнекамераға түсіп қалған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олардың қала аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Астана қаласының полиция департаменті жүргізушілерге өз көліктерінің терезелерін, есіктері мен жүксалғыштарын ашық қалдырмауға кеңес береді.

Сондай-ақ автокөлікті күзет дабылы жүйесімен жабдықтау және бейнебақылау камераларымен қамтылған орындарға тұраққа қою керек екенін еске салды

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТІК ЕМЕЛЬЯНОВТАР – АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Aspan info

«МҰНДА ТҰРУ ҚАУІПТІ»: ШЫМКЕНТТЕГІ ЖАТАҚХАНА ТҰРҒЫНДАРЫ ЖЫЛУСЫЗ ЖӘНЕ ҒИМАРАТТЫҢ ЖАЙ-КҮЙІНЕ ШАҒЫМДАНДЫ

Aspan info

Тоқаев БАҚ өкілдері мен өзін блогер санайтын кейбір азаматтарға үндеу жасады

Пікір қалдырыңыз