Ақпарат

Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК елдегі ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.Синоптиктердің болжамы бойынша, 15 тамызда еліміздің басым бөлігінде метеорологиялық жағдай қолайлы болады, тек Алматы, түнде Астана, Атырау қалаларында ауа сапасы біршама ластанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Павлодардағы медициналық авиация бір жылда 100 нәрестені тасымалдаған

«МУЗЕЙ – ҚҰНДЫЛЫҚТАР ОРДАСЫ»

ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕС ӘКІМШІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Пікір қалдырыңыз