Әлем жаңалықтары

Боксшы Иман Хелиф алпауыттарды сотқа берді

Париж Олимпиадасының бокстан чемпионы, алжирлік спортшы Иман Хелиф додадан соң кибербуллингке қатысты сотқа арыз берді, деп хабарлайды BAQ.KZ. Ол жазушы Джоан Роулинг, Х әлеуметтік желісінің иесі Илон Маск және АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың үстінен шағым түсірген. Өйткені олар әлеуметтік желіде спортшының шаршы алаңдағы соққысынан кейін италиялық Анджела Каринидің сайыстан бас тартқанын жарыса жазып, Иман Хелифтің жынысына қатысты тақырыпты қызу талқылады.

Осы себепті спортшының қорғаушысы «олар боксшының атына кір келтірді» деп айыптап отыр. Былтыр халықаралық бокс қауымдастығы Иман Хелифті жарысқа қатысу құқығынан айырған еді. Алайда Олимпиада комитеті оны қорғап, сайыста бақ сынауына рұқсат етті. Кейінірек спортшының өзі ресми куәлігінде жынысы әйел деп жазылғанын мәлімдеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН: АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ТУҒАН ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ

Aspan info

ТҮРКІСТАНДА ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ 185 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА «РУХАНИЯТ ОРДАСЫНА – 65 ЖЫЛ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Aspan info

ҚАЗЫҒҰРТТА АМЕРИКАЛЫҚ ТӘСІЛМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ЗАМАНАУИ МАЛ БОРДАҚЫЛАУ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛЫП КЕЛЕДІ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз