Жаңалықтар Қоғам

Алматы тауларында 20-дан астам заңсыз құрылыс бұзылуы мүмкін

Алматы тауларында 20-дан астам заңсыз ғимарат бұзылуы мүмкін, Aspan.info тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып.

Алматыда тау бөктеріндегі құрылысты реттеу мәселелері бойынша кеңес өтті. Оған төтенше жағдайлар, жер ресурстарын басқару департаменттерінің өкілдері қатысты.

Алматы мәслихатының 2022 жылғы шешімімен 15 градустан жоғары құламалы учаскелерде құрылыс салуға тыйым салынды. Бұдан басқа, бұл түзетулер қаланың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына енгізілді, онда тау бөктеріндегі 4270 гектардан астам жер рекреациялық аймаққа ауыстырылуы тиіс.

Тау бөктеріндегі объектілерді жобалау кезінде қалалық жоспарлау басқармасы топырақты инженерлік-геологиялық іздестіру болған кезде бастапқы деректерді береді. Алматы қаласы Қала құрылысы бақылау басқармасының мәліметінше, 2022 жылы 36, 2023 жылы 89 және биыл 32 нысанның құрылысына рұқсат берілмеген.

Осыған қарамастан, кейбір жағдайларда құрылыс салушылар рұқсатсыз құрылысты жалғастырады. Барлығы таулы жерлерде заңсыз құрылыс жүргізудің 54 фактісі анықталды, сотқа 46 талап арыз берілді, оның ішінде 30-ы қала пайдасына қанағаттандырылды, оның бесеуі бойынша бүгінде нысандар бұзылды.

Кеңес қорытындысы бойынша қала әкімі Ерболат Досаев сәулет және қала құрылысын қадағалау органдарына, аудан әкімдіктеріне тау бөктеріндегі аумақтардың өз бетінше салынуына тұрақты мониторингті қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленіп жатқан ҚР Құрылыс кодексіне жеке тұрғын үйлер құрылысының барысын тексеру мүмкіндігі бөлігінде қала құрылысы бақылау органдарының өкілеттіктерін күшейту бойынша ұсыныс енгізілсін.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Илон Маск НАТО-ны таратуды жақтады

«Обырдан бала кезден қорғауға болады». Қазақстанда қашан жаңа вакцинамен егу басталады

ҚАЛА ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫН ДИАЛОГ АЛАҢЫНА АЙНАЛДЫРУДЫ ҰСЫНДЫ

Пікір қалдырыңыз