Жаңалықтар Қоғам

18 жыл іздеді: Таразда шетелдік ұсталды

Таразда 18 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды, Aspan.info тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып.

Шетелдік адам Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен. Оны жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Жамбыл облысы ЖП экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстады.

«Ер адамға көрші мемлекеттің аумағында қасақана кісі өлтіргені үшін 2006 жылы мемлекетаралық іздеу жарияланғаны анықталды. Шетелдікке қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Өзбекстан Республикасының аумағына экстрадициялау туралы мәселе шешілуде «, — делінген хабарламада.

Тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Астана арабтарға берілді ме? Триллион туризм кешенінің жобасында не дұрыс емес

БАҚ пен әлеуметтік желілерге қатысты жаңа талаптар енгізілуі мүмкін: Құрылтайда заң жобасы қаралады

Aspan info

АРЫСТА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз