aspan

Жетісудан инвесторларға 3 жыл бойы жер берілмеді

Жетісу облысында инвесторларға 3 жыл бойы жер берілмеді, — деп хабарлайды Aspan.info тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Қадағалау органының мәліметінше, екі шаруа қожалығы үш жылдан астам уақыт бойы бордақылау алаңын салу және ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру үшін жер телімдерін ала алмай жүрген.

«Жер заңнамасына қайшы, жергілікті атқарушы орган жер телімдерін беруден негізсіз бас тартты. Қадағалау актісін ұсынғаннан кейін инвесторларға жалпы көлемі 39 гектар жер телімдері беріліп, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — делінген хабарламада. деп хабарлады прокуратура.

Еске салайық, бұған дейін Астанада инвестор мүлікті тіркеу кезіндегі қағазбастылық салдарынан 3 мың адамды жұмыспен қамтитын 11 миллиард теңгелік инвестициялық жобасын іске қоса алмаған болатын.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ: РАЗВИТИЕ СПОРТИВНОЙ ИНФРАСТРУКТУРЫ И ДОСТИЖЕНИЯ СПОРТСМЕНОВ НА МЕЖДУНАРОДНОЙ АРЕНЕ

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН «ІЗЕТТІ ЗЕЙНЕТКЕР» ШИПАЖАЙЫ ТОЛЫҚҚАНДЫ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

ПОЛИЦЕЙЛЕР КҮДІКТІЛЕРДЕН ІРІ КӨЛЕМДЕ «СИНТЕТИКА» ТӘРКІЛЕДІ

Пікір қалдырыңыз