Жаңалықтар Қоғам Экономика

Қазақтардың 20 миллиард теңгесі есептен шығарылады

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов Қазақстандағы банкроттық рәсімінің барысы туралы айтты, деп хабарлайды Aspan.info тілшісі.

Бүгінгі таңда 9871 қазақстандық банкрот деп танылды, олардың қарыз сомасы шамамен 20 млрд теңгені құрайды.

«Оның ішінде 944 азамат атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушы болып табылады, қарыз сомасы 1 млрд теңгені құрайды. 5 118 азамат немесе 42 пайызы банкрот деп танылды — олардың міндеттемелері 5 жылдан асты. Мұнда қарыз сомасы 13,6 млрд теңге Қалған азаматтар «Бұлар берешегі 5,5 млн теңгеден асқан және берешегі 12 айдан асқандар», — деді Қайрат Миятов Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің мемлекеттік органдармен өткен отырысында.

2023 жылдың наурыз айынан бері қазақстандықтар банкроттық туралы 86 мыңнан астам өтініш берген. Олардың 67 мыңына бас тартылды: азаматтардың көпшілігінде қарыз сомасы жоқ және мерзімі өткен сома 12 айдан аспаған. Бас тартудың екінші себебі – өтініш берушілердің шамамен 30 пайызының банк мекемелерімен немесе микроқаржы ұйымдарымен берешекті өтеу туралы құжаттарының болмауы. Қалған жеке тұлғаларда немесе олардың жұбайларында мүліктің бар екені анықталды, бұл да бас тартуға негіз болып табылады.

Related posts

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

Зорлады деп айыпталған Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы сотта өзін нашар сезінді

Қарағандыда айналма жолда жол-көлік оқиғасында 5 адам қаза тапты

Leave a Comment