aspan

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Қарым Көкірекбаев мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін: себебі белгілі болды

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Қарым Көкірекбаев ауыр науқастануына байланысты жазасын одан әрі өтеуден босатылуы мүмкін. Бұған дейін 12 жылға бас бостандығынан айырылған экс-шенеунікке қатысты мұндай шешімді Алматы облысы Алатау қаласының соты қабылдаған. Алайда сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ. Прокуратура оны жоюға күш салып жатыр.

Әлеуметтік желілерде Жамбыл облысының бұрынғы әкімі әрі «Қазселқорғау» РМК-ның экс-басшысы, 69 жастағы Қарым Көкірекбаевтың босатылуы мүмкін екені туралы ақпарат тарады.

Алматы облысының прокуратурасы бұл ақпаратты растады. Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы 17 қарашада Алатау қаласының соты №57 түзеу мекемесі әкімшілігінің сотталған азаматты ауыр науқастануына байланысты жазасын одан әрі өтеуден босату туралы өтінішін қанағаттандырған.

Прокуратура сот шешіміне наразылық білдірді

Прокуратураның хабарлауынша, Қарым Көкірекбаевтың денсаулық жағдайы оны жазасын өтеуден босату туралы мәселені қарауға негіз болған.

«Алматы облысы Алатау қаласының соты 2026 жылғы 17 қарашадағы қаулысымен №57 мекеме әкімшілігінің сотталған К.Н. Көкірекбаевты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 75-бабына сәйкес ауыр науқастануына байланысты жазасын одан әрі өтеуден босату туралы ұсынысын қанағаттандырды. Аталған сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. Қазіргі уақытта прокуратура органдары сот актісінің күшін жою туралы жеке өтінішхат енгізді», — деп хабарлады прокуратура.

Осылайша, прокуратура экс-әкімді жазасын өтеуден босату туралы сот шешіміне наразылық білдіріп отыр. Сот қаулысы заңды күшіне енбейінше, Қарым Көкірекбаевтың түрмеден босатылғаны туралы нақты айтуға әлі ерте.

Сонымен қатар прокуратура өкілдері бұрынғы шенеуніктің нақты қандай ауруға шалдыққанын жарияламады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

17 ЖЫЛ ҚҰЛДЫҚТА БОЛҒАН ҚҰНДЫЗ БЕН НАЗГҮЛДІҢ ҚАМҚОРШЫСЫ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Aspan info

ӨСІМДІКТЕР МЕН ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІНІҢ САҚТАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕ ОТЫРЫП, ТУРИСТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ОРНЫҚТЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫН АРТТЫРУ — ОЛЖАС БЕКТЕНОВ БІРҚАТАР ТАПСЫРМА БЕРДІ

Aspan info

ӘСКЕР ӨЛІМІ: ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ТАҒЫ БІР САРБАЗ КӨЗ ЖҰМДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз