aspan

ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАНДАР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Абай облысы Мақаншы ауданының Келдімұрат ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды. Іс-шараға аудан әкімі Дәурен Қойгелдин қатысып, ауыл тұрғындарын осы маңызды оқиғамен құттықтады. Ол ауылдық жерлерде заманауи медициналық нысандардың ашылуы аудан дамуының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.
Жаңа амбулатория бастапқы медициналық көмек көрсетуге арналған заманауи жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген. Медициналық қызметкерлер мен науқастарға қолайлы жағдай жасалған. Айта кетейік, биылғы жылы Мақаншы ауданында сегіз дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.Сонымен қатар Мақаншы аудандық ауруханасына 1972 жылдан бері алғаш рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар облыс әкімі Берік Уәлидің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Күрделі жөндеу аясында ғимараттың қасбеті толық жаңартылып, терезелер мен шатыр ауыстырылады, сондай-ақ аурухана аумағы абаттандырылады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

2026 ЖЫЛҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА: АШЫҚТЫҚ ПЕН АДАМҒА БАҒЫТТАЛҒАН ДАМУ

Aspan info

АППАРАТ ОТЫРЫСЫ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Aspan info

АНАЛАР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА: АБАЙ АУДАНЫНДА ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз