aspan

ТОҚАЕВ ВЬЕТНАМ КОМПАРТИЯСЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Президент Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысына құттықтау жеделхатын жолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламды Вьетнам күнтізбесінің Жаңа жылы – Тет мерекесімен құттықтады.
Мемлекет басшысы жеделхатта еліміз Вьетнамды Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес ретінде қарастырып, өзара достық пен түсіністікке негізделген стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге айрықша мән беретінін жазған.
Сонымен қатар, ортақ күш-жігер жұмылдыру арқылы сан қырлы ықпалдастықты жаңа белеске көтеруге ниетті екенін жеткізген.
Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның аса жауапты қызметіне сәттілік, ал достас Вьетнам халқына бақ-береке тіледі.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН: ИНВЕСТОРЛАР ТУРИЗМ САЛАСЫНДА ЖАҢА ЖОБА ҰСЫНДЫ

Aspan info

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫНА ТОЛЫҚ ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

Aspan info

ІШІМДІКТЕН БАС ТАРТҚАН АУЫЛ

Пікір қалдырыңыз