aspan Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Саясат

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады

Қауіпсіздік Кеңесінің жедел кеңесі барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады.

«Кеше қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы басшыларының ұсталғаны туралы ақпарат жарияланды. Бұл – мемлекеттік компанияларда ауқымды сыбайлас жемқорлықтың бар екенін көрсететін аса маңызды белгі. Заңға сәйкес, тергеу әрекеттері туралы ақпаратты алдын ала жариялауға немесе таратуға болмайды. Оның үстіне, тергеу енді ғана басталды. Дегенмен, қазірдің өзінде бұл «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы жарияланып, оның мемлекеттік басқару мен қоғамдық өмірдің негізгі қағидаттарының бірі ретінде Конституцияға енгізілгеннен кейінгі мемлекеттік компаниялардың бірыңғай жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты алғашқы ірі іс екенін айтуға болады. Конституция 15 наурызда өткен жалпыхалықтық референдумда басым көпшілік дауыспен қабылданып, 1 шілдеде күшіне енді. Ол заңды түрде Халық Конституциясы деген атауға ие болды. Конституцияны бұзуға, тіпті мемлекеттік маңызы бар қасиетті құжатты келемеждеуге ешкімге жол берілмейді», – деп хабарлады Ақорда.

«Адамдарды «өзіміздің» және «өзгенің», тіпті «бөтеннің» деп бөлуге үзілді-кесілді жол берілмейді. Өйткені Конституцияда барлығының заң мен сот алдында тең екені нақты жазылған. Біз бәріміз осы заңға бағынуға міндеттіміз. Осы өрескел оқиға көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мемлекеттік компаниялардың әлі де болса осал тұсы болып отыр. Осыған байланысты Үкімет пен бақылаушы органдар биылғы 24 қарашаға дейін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын түбегейлі азайту, квазимемлекеттік сектор компанияларының және олардың аппараттары қызметкерлерінің жұмыс сапасын едәуір жақсарту жөнінде нақты ұсыныстар енгізуі тиіс», – деді Мемлекет басшысы.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МОБИЛЬДІ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНІҢ ҚАМТЫЛУ ДЕҢГЕЙІ АРТУДА

Алматыда екі троллейбус жүргізушілерінің төбелесі видеоға түсіп қалды

ПОРТФЕЛЬ ГЧП В КАЗАХСТАНЕ СМЕЩАЕТСЯ В СТОРОНУ КРУПНЫХ ИНФРАСТРУКТУРНЫХ ПРОЕКТОВ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз