aspan

ТАРАЗДА ӨТКЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАЛУАН ҚЫЗДАРЫ ТОП ЖАРДЫ

Тараз қаласында әйелдер күресінен U23 жас санаты бойынша Қазақстан чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне Қазақстанның 20 өңірінен жиналған үздік балуандар қатысып, кілем үстінде тартысты әрі жоғары деңгейдегі белдесулер өткізді.

Аталған жарыста Түркістан облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Облыс құрамасы жарыс қорытындысы бойынша 12 медаль жеңіп алды.
Атап айтқанда, 33 келі салмақта А. Сайдрасулова, 46 келіде Ж. Шерім, 58 келіде А. Үмірзақ, 66 келіде Э. Босимбекова, ал 72 келі салмақта А. Төрегелді күміс жүлдеге ие болды. Сонымен қатар 36 келі салмақта Н. Нарова, 39 келіде М. Машрапова мен Б. Ерланқызы, 42 келіде Ж. Тастан, 54 келіде А. Бөкейхан, 58 келіде М. Жолдасова, ал 66 келі салмақта Н. Шералы қола жүлдені жеңіп алды.
Осылайша, Түркістан облысының балуан қыздары ел чемпионатында жоғары дайындықтарын дәлелдеп, жалпыкомандалық есепте 1-орынды иеленді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ СТУДЕНТТЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ОТАНДЫҚ IT-БИЗНЕСТІҢ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТУДІ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРДІҢ БІРІ РЕТІНДЕ ҚАРАСТЫРУҒА ШАҚЫРДЫ

Aspan info

САРСАҢҒА САЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ

Пікір қалдырыңыз