Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ

Түркістандық оқушылар Алматы қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадаға қатысты. Жалпы сайыс 9-11 сынып оқушыларына арналған. Білім додасында Түркістан облысының 4 оқушысы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, Шардара ауданындағы М.Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы Ернұр Қыдыр ІІ орынға, Түркістан қаласындағы «Білім-инновация» мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Азамат Тастыбай ІІ орынға ие болды. Сонымен қатар, Кентау қалалық мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Севдияр Сабиров ІІІ орынды және «Білім-инновация» мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Арнұр Айдарбек ІІІ орынды иеленді. Aspan.info Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды  
 
 
 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Астанада қазақстандық азаматтың жүрегі мен бүйрегі үш науқасқа ауыстырылды

Қазақстанның үш облысында республикалық жолдар жабылды

Жаз айларында өрт қаупі жоғары болады – Қазгидромет

Пікір қалдырыңыз