Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте өңірлік жұмыспен қамту картасының орындалу барысы қаралды. Облыс әкімі жауапты басқармалар мен аудан, қала әкімдеріне жұмыспен қамту көрсеткіштерін сапалы орындауды, инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы іске асырып, тұрақты жұмыс орындарын көбейтуді тапсырды.
