Ордабасы ауданының Қажымұқан елді мекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мұражай аумағында 2026 жылғы 31 қазанда «Ұлы тұлғаларға құрмет – ұрпаққа міндет» экологиялық іс-шарасы өткізілді.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы іс-шараның негізгі мақсаты – тарихи-мәдени мұраларды сақтау, ұлы тұлғалардың есімін ұлықтау, қоршаған ортаны қорғау, тарихи нысандардың аумағын абаттандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Экологиялық акцияға ардагерлер, экобелсенділер мен мекеме қызметкерлерінен құралған 500-ден астам азамат қатысып, туған жердің тазалығы мен көркейтуіне өз үлестерін қосты.
Іс-шара аясында 520 түп ағаш отырғызылып, аумақта шөп шабу және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар 5 тонна қоқыс шығарылып, 50 түп ағаштың түбі әктелді. Мұражай аумағындағы қоршаулар сырланып, абаттандыру және ретке келтіру жұмыстары атқарылды.
Мұндай игі бастамалар тарихи орындарды таза ұстауға, табиғатты қорғауға және өскелең ұрпаққа туған жерге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған.
