aspan

Түркістан облысында бейнебақылау арқылы 300-ге жуық құқық бұзушылық анықталды

Түркістан облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.

Осы бағытта Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері рейдтік жұмыстар ұйымдастырып, бейнебақылау камералары арқылы 300-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Атап айтқанда, «JAC» автокөлігін басқарған 41 жастағы жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны белгілі болды. Сондай-ақ «Volkswagen» автокөлігінің 61 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, қос тұтас сызықты кесіп өткені анықталды.
Құқық бұзушылық жасаған екі автокөлік те арнайы айыптұраққа қойылды. Аталған фактілер бойынша әкімшілік материалдар рәсімделіп, заң аясында шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Әсіресе, алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін көлік басқару жүргізушінің өзіне ғана емес, өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Мұндай құқық бұзушылық үшін заңнамада қатаң жауапкершілік қарастырылған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ БАРЫСЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН ЭКЗИТ-ПОЛЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Aspan info

БӘЙДІБЕКТЕ 4 ЕЛДІ МЕКЕННІҢ СУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢАРТЫЛУДА

Aspan info

Жарияланым ізімен: Шымкентте қоғамдық орынды ластаған жүргізуші жауапқа тартылды

Aspan info

Пікір қалдырыңыз