aspan Ақпарат Бизнес Жаңалықтар Қоғам Саясат Түркістан Экономика

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛЮМИНИЙ КОМПОЗИТТІК ПАНЕЛЬДЕР ШЫҒАРАТЫН ЖАҢА ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы Ақбұлақ елді мекенінде құрылыс индустриясын дамытуға бағытталған алюминий композиттік панельдер өндіретін зауыты ашылды.

Заманауи технологияларға негізделген кәсіпорын отандық құрылыс материалдарының өндірісін дамытуға және ішкі нарықтағы сұранысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, жаңа өндіріс орнының ашылуымен құттықтады.
– Баршаңызды келе жатқан ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Республика күні – елдігімізді айшықтап, тәуелсіздігімізді нығайта түсетін айрықша мереке. Осы ұлы мереке қарсаңында алюминий композиттік панельдер өндіретін заманауи зауыттың ашылуына куә болып отырмыз. Бұл – Түркістан облысының өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, өңір экономикасына тың серпін беретін маңызды жоба. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өңірлерге инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және отандық өндірісті дамытуға ерекше мән беріп келеді. Бүгін іске қосылып отырған жаңа кәсіпорын – осы тапсырманы жүзеге асырудың нақты нәтижесі. Жаңа өндіріс орны құрылыс саласына қажетті алюминий композиттік панельдерін отандық өндірісте шығарып, жылына 3 млн шаршы метр өнім шығарылатын болады. Бұл еліміздің құрылыс индустриясын сапалы отандық өніммен қамтамасыз етуге, импортқа тәуелділікті азайтуға және ішкі нарықтағы сұранысты өтеуге бағытталған маңызды бастама. Алдағы уақытта кәсіпорынның өнімін Орталық Азия елдері мен Ресей нарығына экспорттау жоспарлануда. Осы сәтті пайдаланып, маңызды жобаны жүзеге асыруға үлес қосқан «Nur Group» компаниясының басшылығы мен ұжымына және барша атсалысқан азаматтарға алғысымды білдіремін. Бүгін іске қосылған зауыттың жұмысына табыс, тұрақты өндіріс, мол өнім және отандық өндірістің дамуына елеулі үлес қосады деп сенемін, – деді облыс әкімі.
Салтанатты рәсім барысында ауыл ақсақалдары лента қиып, жаңа кәсіпорынның жұмысына ақ батасын берді.
Одан кейін облыс әкімі зауыттың өндірістік нысандарын аралап, технологиялық жабдықтардың жұмысымен танысты. Кәсіпорынның қызметі мен өндіріс барысын «Nur group» ЖШС директоры Абдулла Мухитдин таныстырды.
Жобаның инвестициялық құны – 2,9 млрд теңге. Кәсіпорын жылына 3 млн шаршы метр алюминий композиттік панель өндіруге қауқарлы. Зауытта 50 адам жұмыспен қамтылады.
Жобаны жүзеге асыру үшін Ордабасы ауданының Ақбұлақ елді мекенінен «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ арқылы 3,9 гектар жер телімі берілді. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталып, негізгі технологиялық жабдықтар орнатылған.
Алюминий композиттік панельдер құрылыс нысандарының қасбеттерін қаптауда және ғимараттардың сыртқы келбетін әрлеуде кеңінен қолданылады. Сондықтан жаңа кәсіпорынның іске қосылуы құрылыс материалдарын өндіру саласының дамуына серпін беріп, отандық өнім үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ өңірге инвестиция тартуға және халықты тұрақты жұмыспен қамтуға үлес қосады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Форум аясында Мемлекет басшысының қатысуымен қол қойылған құжаттарды алмасу рәсімі өтті:

Aspan info

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ЦИФРЛЫҚ БАҒЫТТЫҢ БАСТАУЫ

ШЫМКЕНТТЕ «CREATIVE ETHNO MARKET» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АЛАҢЫ ӨТТІ

Пікір қалдырыңыз