aspan Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Саясат Түркістан

ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ СОТЫ ЖАҢА ЗАМАНАУИ ҒИМАРАТҚА КӨШТІ

Түркістан облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жалпы ауданы 1 028 шаршы метрді құрайтын Төлеби аудандық сотының жаңа екі қабатты ғимаратының құрылысы аяқталды.

Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев, Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров және Түркістан облыстық сотының төрағасы Айдос Сұлтанов қатысты.
Сөз сөйлегендер сот инфрақұрылымын дамытудың басты мақсаты — ең алдымен, сот төрелігінің қолжетімділігін арттыру және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау екенін атап өтті.
Жаңа ғимаратта үш сот отырысы залы, медиация кабинеті, азаматтарға қызмет көрсетуге арналған фронт-офис қарастырылған, сондай-ақ қозғалысы шектеулі азаматтар үшін де қолайлы жағдайлар жасалған.
Ғимарат сот процестерін аудио және бейнежазбаға түсірудің, ақпараттық қауіпсіздіктің және өрт қауіпсіздігінің заманауи жүйелерімен жабдықталған.
1981 жылы салынған бұрынғы сот ғимараты қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келмеді. Оның жалпы ауданы небәрі 575 шаршы метрді құраса, норматив бойынша қажетті аумақ 979,8 шаршы метрді құрады. Үй-жайлардың жеткіліксіздігі соттың жұмысына кедергі келтіріп, келушілерге қолайсыздық туғызды.
Жаңа ғимараттың ашылуы сот жұмысына қолайлы жағдай жасауға, азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНЕ БАРДЫ

Aspan info

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР: 2025 ЖЫЛ ШЫМКЕНТ ҮШІН ТҰРАҚТЫ ӨСІМ ЖЫЛЫ БОЛДЫ

Aspan info

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫНЫҢ ЖОБАЛАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз