aspan

ШЫМКЕНТТЕГІ ТӨБЕЛЕСТЕ ҚАЗА ТАПҚАН ЖІГІТ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІНІҢ ҰЛЫ БОЛЫП ШЫҚТЫ

20 қаңтар күні Шымкент қаласының қақ ортасында болған жаппай төбелес адам өлімімен аяқталды.
Қайғылы оқиғада қаза тапқан азаматтың грек-рим күресінен ардагерлер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері, белгілі бапкер Александр Колесниковтың ұлы екені белгілі болды.
Атышулы оқиға Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында болған. Бұл жағдай қазақстандықтарды есеңгіретіп, қоғамда үлкен резонанс тудырды.
Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда ер адамдардың бір-біріне пышақ оқтаған сәттері анық көрінеді.
Қанды қақтығыстан екі адам ауыр жарақат алып, бір адам қаза тапқаны расталды.
Қаза тапқан азамат грек-рим күресінен әлем чемпионатының жүлдегерінің ұлы 40 жастағы Василий Колесников екені анықталды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖОЛ АПАТЫНАН БЕС АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ,АРАСЫНДА БАЛА ДА БАР

Aspan info

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БАСТАЛДЫ

Aspan info

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛЫП, ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ АШЫЛДЫ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Пікір қалдырыңыз