aspan

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ГҮЛЗАРЛАР МЕН ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ САЛЫНАДЫ

Шымкент қаласындағы аудандарда абаттандыру және көгалдандыру қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда биыл Абай ауданы аумағында жоспар бойынша 5 жерге әмбебап демалыс орындарын (гүлзарлар) салу жоспарланған. Қазіргі таңда құрылыс басталып, кейбір нысандар пайдалануға берілді.
Бұл гүлзарлар Достық шағынауданындағы Ақбосаға және Ақсу-Аюлы көшелерінде, Қызылжардағы Тоқбәйге көшесінде, Нұршуақ шағынауданындағы Миялы көшесінде және Асар-2 шағынауданындағы Нұр жол көшесінде бой көтереді.
Сонымен қатар, Асар шағынауданындағы тозығы жеткен 4 гүлзар қайта жаңартылуда.
Жалпы гүлзарлар орналастыру барысында 9 400 шаршы метр аумаққа көгал төселіп, 850 түп қарағаш және 100 түп шырша көшеті егілді. Бұл жұмыстар қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға және тұрғындарға қолайлы демалыс орындарын ұсынуға бағытталған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АЛМАТЫДА ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН ӘНШІ ГҮЛНҰР СИҚЫМБАЕВАНЫҢ ҰЛЫ ӨЛІ ТАБЫЛДЫ

Aspan info

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫ ОТАНДАСТАРҒА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ

Aspan info

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ 75 КҮНДІК КҮРЕСІ: 700 ГРАММ САЛМАҚТАҒЫ СӘБИ АМАН ҚАЛДЫ

Пікір қалдырыңыз