aspan

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

 

Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына орай Шымкент қаласында «Терең тарихтан – жарқын болашаққа!» атты республикалық пікірсайыс турнирі басталды.
Ауқымды зияткерлік сайыстың ашылу салтанатына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек қатысып, қатысушы жастарға сәттілік тілеп, игі тілегін жеткізді.
Турнирге еліміздің 9 өңірінен – Астана, Алматы қалалары мен Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарынан 120-дан астам команда қатысуда. Олар пікірсайыс алаңында өзара білім мен шешендік шеберліктерін сарапқа салуда.
Жарыстың төрелік ету жұмыстарына Шымкент қаласындағы үш жоғары оқу орнынан іріктелген тәжірибелі пікірсайысшылар және пікірсайыс қозғалысының аға буын өкілдері тартылған. Жалпы саны 70-ке жуық кәсіби төреші пікірсайыстың әділ әрі ашық өтуін қамтамасыз етуде.
Турнир барысында қаралатын қарарлар қоғамдағы өзекті мәселелерді қамтиды. Атап айтқанда, технология, демократия, құқықтық мәдениет, білім беру жүйесі және жастар саясатына қатысты тақырыптар бойынша пікір білдіріліп, түрлі көзқарастар талқылануда.
Екі күнге жоспарланған республикалық пікірсайыс турнирі ертең қорытындыланып, жеңімпаздары анықталатын болады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Б. ЖЕКСЕНБАЙ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА БАСТАЛҒАН РЕФОРМАЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ЖАЛҒАСЫ

Aspan info

НҰРАЙДЫҢ ҚАЗАСЫНА ҚАТЫСТЫ «НЕКЕГЕ ТҰРУҒА МӘЖБҮРЛЕУ» БАБЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ТІРКЕЛДІ

Aspan info

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ МЕДИЦИНА САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МАРАПАТТАУ РӘСІМІНДЕ СӨЗ СӨЙЛЕДІ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз