aspan

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Шымкент қаласында «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Білім додасында үздік нәтиже көрсеткен оқушылар медальдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Аталған олимпиада 9–11 (12) сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша өткізілді. Оған еліміздің барлық өңірінен 270-ке жуық оқушы қатысты.
Сайысқа қатысқан Шымкент қаласының 12 оқушысы да лайықты нәтиже көрсетіп, қала намысын абыроймен қорғады. Солардың бірі – Бердіхан Әли. Ол қазақ тілінде оқытатын мектептерге арналған орыс тілі пәні бойынша жүлделі үшінші орынды иеленіп, өңір мерейін асқақтатты. Бұл жетістік – оның табандылығы мен жүйелі еңбегінің нәтижесі.
Жас зияткер өз сөзінде ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, олимпиада барысында жаңа достар тапқанын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай білім сайыстары тек оқушылардың білім деңгейін анықтап қана қоймай, тәжірибе алмасуға және жаңа достық байланыстар орнатуға зор мүмкіндік береді.
Осындай ауқымды білім додалары дарынды жастарды қолдауға, олардың зияткерлік әлеуетін дамытуға және болашақта бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыруға бағытталған маңызды алаң болып табылады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТОҚАЕВ ПӘКІСТАНҒА МЕМЛЕКЕТТІК САПАРМЕН БАРАДЫ

Aspan info

ТҮРКІСТАН: АИДА БАЛАЕВА «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҰЛТТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫ ҰЖЫМЫМЕН МУЗЕЙ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Aspan info

ШЫМКЕНТТЕГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ПЛАНШЕТТІК УДЗ АППАРАТТАРЫМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз