aspan

ШЫМКЕНТТЕ МҰҒАЛІМ 7 ЖАСАР ҚЫЗҒА СЕКСУАЛДЫҚ СИПАТТА ТИІСТІ ДЕГЕН КҮДІККЕ ІЛІНДІ

Шымкенттегі орта мектептердің бірінде 36 жастағы мұғалім 7 жасар қыз балаға қатысты «сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер жасады» деген күдікке ілінді. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарап, артынша қалалық Полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын ресми түрде растады.

 

Оқушының анасының айтуынша, оқиға сабақ уақытында, мектеп ішінде болған. Қыз бала үйіне келген соң мұғалімнің оны тізесіне күштеп отырғызып, әдепсіз әрекеттер жасағанын айтып шағымданған. Бастапқыда мектеп әкімшілігі ата-анаға бейнебақылау камераларындағы жазбаларды көрсетуден бас тартқан. Тек полиция шақырылғаннан кейін ғана бейнежазбаларды алу мүмкін болған.

Шымкент қалалық ПД өкілдері қазіргі уақытта күдіктінің ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілгенін хабарлады.

«Құқыққа қайшы әрекеттер жасады деген күдікпен Шымкент қаласының тұрғыны ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізіп жатыр», — делінген хабарламада.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары бейнекамера жазбаларын зерттеп, куәгерлерден жауап алуда. Тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН» АКЦИЯСЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЖҰМЫС ТОБЫМЕН БІРГЕ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАҒА ҚАТЫСТЫ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

Aspan info

КІСІ ӨЛТІРУ, ТӨБЕЛЕС ЖӘНЕ ЖОЛ-КӨЛІК АПАТТАРЫ: ШЫМКЕНТТІҢ АБАЙ АУДАНЫНДА НЕ БОЛЫП ЖАТЫР?

Aspan info

Пікір қалдырыңыз