aspan

ШЫМКЕНТТЕ №5 ЖАҢА АВТОБУС БАҒЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Бүгіннен бастап Шымкентте жаңа №5 автобус маршруты бағытқа шықты. Бұл жұмыстар қоғамдық көліктер қызметінің аясын кеңейту мақсатында жүзеге асырылып отыр.

Аталған маршрут Құрсай шағынауданынан Республика даңғылына дейінгі аралықта жолаушыларды тасымалдайтын болады. Әзірге маршрут 4 кестемен 15 минуттык аралық жиілігімен қызмет көрсетеді және қажеттілікке қарай автобустар санын арттыру жоспарлануда.

Айта кетейік, бұл маршрут 2 ай бойы пилоттық режимде жұмыс істейді. Қазіргі таңда Шымкент қаласында 81 тұрақты маршрут бойынша 980 автобус жолаушыларды тасымалдап, қызмет көрсетуде.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

Шекарашының ұлы чемпион атанды

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ УЛЫ ГАЗДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

Пікір қалдырыңыз