aspan

ШЫМКЕНТ: ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Қалалық №2 аурухананың перзентханасында үшем дүниеге келді. 31 жастағы Гүлбағира Өтемісқызы дәрігерлердің көмегімен үшемді аман-есен өмірге әкелген.
6 қаңтар күні мерзімінен бұрын туған сәбилер үш тәулік бойы реанимация және қарқынды терапия бөлімінде дәрігерлердің тұрақты бақылауында болып, кейін жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімінде ем-дом мен күтімін жалғастырды.
Дәрігерлердің мәліметі бойынша, үшемнің жағдайы қанағаттанарлық. Қазіргі таңда салмақтары 2 келіден асты.
Айта кетейік, бұл отбасыда бұған дейін 4 бала бар. Анасы – декреттік демалыста, ал әкесі құрылыс саласында еңбек етеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ УЛЫ ГАЗДАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ШЫМКЕНТТЕ 2026 ЖЫЛЫ МӘЖБҮРЛІ ТҮРДЕ ТАРАТЫЛАТЫН САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ БАСТАПҚЫ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Aspan info

АУҚЫМДЫ МАСЛЕНИЦА 2025

Пікір қалдырыңыз